8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
СтуденттергеЖоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ЖБ ОЖСБ)

Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ЖБ ОЖСБ)

Қазақстан Республикасының білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай және іштей бағалауды қамтиды.

Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бақылаудың бір түрі болып, жоғары оқу орындарының 2(3) курс студентеріне өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оңды көрсеткішін көрсетіп, өзіне жүктелген міндеттерді орындады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.

ЖБ ОЖСБ-ның білім беру ұйымдарындағы оқыту сапасын тәуелсіз мониторингілеу, білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМББС) немесе типтік оқу бағдарламасына (ТОБ) кіретін жекелеген пәндер бойынша соңғы курс студенттерінің меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылады

ЖБ ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

ЖБ ОЖСБ кезеңмен еңгізіледі. ЖБ ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша оқитын студенттерге жүргізіледі.

Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының және ЖБ ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді.

2014 жылы ОЖСБ 6 бағыттың 67 мамандығы бойынша өткізілді:

  • Құқық – 3 мамандық;
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 6 мамандық;
  • Жаратылыстану ғылымдары – 12 мамандық;
  • Ауылшаруашылық ғылымдары – 12 мамандық;
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар – 28 мамандық;
  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 6 мамандық.

ЖБ ОЖСБ өткізу үшін МЖМББС немесе ТОБ-тың базалық және кәсіптендіру циклдеріне кіретін пән бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.

ЖБ ОЖСБ 4 пән бойынша кешенді тестілеу түрінде, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Тестілеу уақыты - 150 минут (2,5 сағат).

ЖБ ОЖСБ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің территориялық органдары мен  Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

ЖБ ОЖСБ нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдары пайдаланады.

ЖБ ОЖСБ бойынша тест спецификациялары



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ