8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
СтуденттергеҚР ЖОО шетелдік ЖОО-нан ауысатын студенттер үшін кешенді тестілеу (ауысушылар)

ҚР ЖОО шетелдік ЖОО-нан ауысатын студенттер үшін кешенді тестілеу (ауысушылар)

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасына сәйкес, Шетелдік Жоғары оқу орындарынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжатты, балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынады.

Осыған орай, бұл категориядағы тұлғалар үшін 2014 жылдың 25-26 қаңтар аралығында 20 жоғары оқу орындарының базасында және 25-28 тамыз аралығында 18 жоғары оқу орындарының базасында кешенді тестілеу өткізілді.

Тестілеу төрт пән бойынша өткізілді, тест тапсырмаларының жалпы саны – 100:

1. Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі) – 25 тест тапсырмалары;

2. Математика - 25 тест тапсырмалары;

3. Қазақстан тарихы - 25 тест тапсырмалары;

4. Таңдау пәні таңдаған мамандығына байланысты - 25 тест тапсырмалары.

Тестілеу нәтижесі бойынша әрбір қатысушы барлық пән бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификат алады.

Қажетті балын алған соң және ауысу ережесінің басқа да талаптарын сақтай отырып, студенттер шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысуын жүзеге асыра алады.

 

Нормативтік сілтемелер:

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасы



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ