8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОрта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ)

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (9-сынып)

Білім беру ұйымдарына оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай ОЖСБ) Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасына және ҚР «Білім туралы» Заңындағы өзгерістерге байланысты енгізілген болатын.

ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметі сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

Мектептерде ОЖСБ білім беру қызметінің сапасын бағалау және негізгі орта білімнің (9-сыныптан кейін) оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

ОЖСБ-ны өткізу мерзімін Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Негізгі орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ оқушы білім алатын мектептің базасында өткізіледі.

ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде, арнайы бланкілерді (жауап парақтары) қолдану арқылы да, компьютерлік технологияларды қолдану арқылы да өткізіледі.

Тестілеу тапсырмалары оқу бағдарламаларының шеңберінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ОЖСБ кезінде оқушылар 4 пән: қазақ тілі (міндетті түрде) және жыл сайын Білім және ғылым министрлігімен анықталатын 3 пән бойынша тест тапсырады.

Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.

Тестілеуге 2 сағат (120 минут) уақыт беріледі.

ОЖСБ нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.

Тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарына өңделеді.

ОЖСБ нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.

 

Нормативтік сілтемелер:

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы  орта білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және  өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық 

ОБ ОЖСБ бойынша тест спецификациялары

ОБ ОЖСБ тест тапсырмаларының үлгі нұсқалары



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ