8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОБ ОЖСБ өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

2014жылы орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБның өткізілу қорытындылары туралы қорытынды ақпарат

2014 жылымектептердегі оқу жетістіктерін сырттау бағалау (ары қарай ОЖСБ) сәуір айының 10-ы мен 18-і аралығында өткізілді.

ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілерді және компьютерлерді қолдану арқылы өткізілді.

Тестілеу 4 пән: қазақ тілі, химия, география және дүниежүзі тарихы бойынша өтті. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде дайындалды. Нәтижелер әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланды.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны — 20.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 2014-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспарға сәйкес, Ұлттық тестілеу орталығы оқушылардың фунционалдық сауаттылығын бағалау үшін тест тапсырмалары базасын қалыптастырды. Бұл тапсырмалар алғаш рет2014жылы пайдаланылды.

ОЖСБ-ның өтуін бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жүргізді.

2014 жылы ОБ ОЖСБ-ға 648 мектеп қатысты. Оның ішінде 541 мектеп сұрақ кітапшалары мен жауап парақтарының көмегімен, ал облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында орналасқан 107 мектеп компьютерлік технологияның көмегімен өтті. 19945 оқушы бланктерді (сұрақ кітапшалары мен жауап парақтары) пайдалану арқылы, 7468 оқушы компьютерлік тестілеуден өтті.

Тестілеуге барлығы 27413 оқушы қатысты, соның ішінде 16581 оқушы қазақ тілінде, 10832 оқушы орыс тілінде тапсырды.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ