8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

ПҚБТ байқау сынақтары

Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын қыркүйек және қараша айлары аралығында педагог қызметкерлер үшін онлайн тестілеу (байқау сынағы) өткізеді.

Байқау сынағының өткізілу технологиясы негізгі біліктілік тестілеу технологиясына сәйкес келеді, яғни, тестіленуші негізгі 2 пән: ҚР Заңнамасын білу, Педагогика және психология негіздері және оқытатын пәні бойынша тест тапсырады. Әрбір тестіенуші байқау сынағын 5 (бес) рет тапсыра алады, сонымен қатар, тестілеуден өту кестесін өзі анықтай алады. Тестілеу ерікті түрде өткізіледі. Нәтижесі бірден беріледі, ешқайда жарияланбайды және педагог қызметкердің алдағы жұмысына әсерін тигізбейді.

Барлық педагог қызметкерлерге, әсіресе, ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін қызметкерлерге байқау сынағынан өтуге кеңес беріледі. Себебі, байқау сынағы арқылы, педагог қызметкер өзінің біліктілік деңгейін тексере алады, аттесттаттауға дайындалады және бағдарламаның интерфейсімен таныса алады.

Тестілеуден мына сілтеме бойынша өтуге болады: http://193.193.229.70/pedrab/.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ