8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеПедагог қызметкерлердіің біліктілігін тестілеу (ПҚБТ)

Педагог қызметкерлердіің біліктілігін тестілеу (ПҚБТ)

2010 жылдан бері педагог қызметкерлердің аттестаттау процедураларын қамтамасыз ету үшін, білім сапасын сырттай бағалаудың құралы болып табылатын педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі (ПҚБТ) өткізіліп келеді.

Біліктілік тестілеу – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі.

Қазақстан Республикасы БҒМ-нің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген, Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес, тестілеу 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуікешенді тестілеу түрінде, білімін тексеру «ҚР Заңнамаларын білу», «Педагогика және психология негіздері», «Пәндік білім негіздері» бойынша өткізіледі:


р/с

Тестілеу блоктары

Тесттегі тапсырмалар саны

Шектік деңгей

%-бен есептегенде

балмен есептегенде

1

ҚР Заңнамасын білу

20

50%

10

2

Педагогика және психология негіздері

20

50%

10

3

Пәндік білім негіздері

20

70%

14

Барлығы

60

34

«ҚР Заңнамасын білу» блогы педагог қызметкердің ҚР Ата Заңы, ҚР «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдары, ҚР Еңбек кодексі бойынша білімін тексереді. «Педагогика және психология негіздері» блогытәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару, жалпы және педагогикалық психология бойынша тапсырмалардан тұрады. «Пәндік білім негіздері» блогындағы тапсырмалар өзі оқытатын пәні бойынша оқу бағдарламаларының жалпы көлемін қамтиды.

Тестілеуге берілетін жалпы уақыт- 120 минут, пәндік білім негіздері математика, физика, химия пәндері бойынша тестілеуден өтетін педагог қызметкерлер үшін - 135 минут.

Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.

Дәлелді себептер мыналар болып табылады:

1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);

2) жүктілік және бала туу және бала күту демалысында болу;

3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болу.

Қайта тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.

 

Нормативтік сілтемелер:

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және  өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ