8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Пресс-релиздерЖаңалықтарЕресек азаматтарға қазақ тілін үйрету әдістемесін жүйелеу мәселесі бойынша семинар өтті

Ересек азаматтарға қазақ тілін үйрету әдістемесін жүйелеу мәселесі бойынша семинар өтті

Ересек азаматтарға қазақ тілін үйрету әдістемесін жүйелеу мәселесі бойынша семинар өтті

21-23 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары, мемлекеттік тілді оқытудың облыстық, қалалық орталықтары оқытушылары мен әдіскерлері үшін біліктілікті арттыру мақсатында үш күндік семинар өткізілді.

Семинар баяндамашылары ретінде қазақ тілін оқыту әдістемелері бойынша ерекше тәжірибелері бар, ҚАЗТЕСТ сарапшылары болып табылатын «Назарбаев университетінен» – Жазира Ағабекқызы Ағабекова, «С.Демирел атындағы Қазақ-түрік университетінен» – Майра Сатыбалдықызы Жолшаева, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтынан» – Ақлима Мархабатқызы Байғұтова шақырылды.

Бұл семинарда оқыту мен тіл меңгеруді бағалаудың ұштасуы бағытына басымдық беріліп, қазақ тілін меңгерудің мотивациясын арттыру бойынша тілдік дағдыларды қалыптастыру әдіс-тәсілдері қарастырылды.  Семинар барысында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жаттығулары және тіл оқытудағы  жаңа көзқарастар, қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселелер, сонымен бірге ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар мен типтік бағдарламаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндалды. Ондағы  ҚАЗТЕСТ жүйесінің бөліктеріндегі деңгейлер бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырудардың ерекшеліктері қарастырылып, талданды. 

ҚАЗТЕСТ жүйесінің деңгейлері бойынша тіл меңгертуді жетілдіре түсетін жаттығу үлгілері ұсынылды. Баяндамашылар ҚАЗТЕСТ жүйесінің қазақ тілін меңгертудегі тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу мен сөйлей білу қабілеттеріне ықпал етерлік  әдістер мен жаттығулардың түр-түріне тоқталып, олардың тиімділік дәрежесін сипаттады, нақты тәжірибедегі қолданысын бүгінгі күнмен негіздеп көрсетті. Ол өз кезегінде сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым және лексика-грамматикалық құрылымы бойынша әр деңгейге қойылатын дағдыларына сай негізделді.

Семинардың соңында әрбір қатысушыға ұсынылған сауалнама негізінде тыңдаушылар семинардың өз мақсатына жеткендігін, мазмұнының маңызды және бүгінгі күнмен байланысып, өзекті болып табылғандығын, өз тәжірибелерінде де қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалаудың үдерістерінде қолданатындығын атап өтті.

Сауалнаманың келесі сұрақтарына:

«Қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және тіл меңгеру деңгейін бағалаудағы ҚАЗТЕСТ тәжірибелері» тақырыбындағы республикалық біліктілікті арттыру семинары қатысушысына арналған

САУАЛНАМА

1. Семинардың тақырыбы өзекті болды ма?

 

  иә

  жоқ

  жауап бере алмаймын

 

2. Сіздің ойыңызша, семинар өз мақсатына жетті ме?

 

  иә

  жоқ

  жауап бере алмаймын

 

3. Семинар барысында қозғалған тақырыптардың теориясы  практикамен ұштасып отырды ма?

 

  иә

  жоқ

  жауап бере алмаймын

4. Баяндамашылар  өз тәжірбиесімен бөлісуде теория мен практиканы байланыстыра алды ма?

 

  иә

  жоқ

  жауап бере алмаймын

5. ҚАЗТЕСТ жүйесінің оқу-әдістемелік кешенін қазақ тілін оқыту барысында қолданасыз ба?

 

  иә

  жоқ

  жауап бере алмаймын

РАҚМЕТ!

Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы www.kazakhtest.kz,

e-mail: info@kazakhtest.kz,тел.: 8 (7172) 51-83-10, 27-92-19

 

Келесі үлестегі жауаптары алынды:

Қойылған сауалнама

22 адамнан

иә

(%)

жоқ

(%)

жауап бере алмаймын(%)

1.

Семинардың тақырыбы өзекті болды ма?

98

 

2

2.

Сіздің ойыңызша, семинар өз мақсатына жетті ме?

85

5

10

3.

Семинар барысында қозғалған тақырыптардың теориясы  практикамен ұштасып отырды ма?

95

 

5

4.

Баяндамашылар өз тәжірбиесімен бөлісуде теория мен практиканы байланыстыра алды ма?

92

5

3

5.

ҚАЗТЕСТ жүйесінің оқу-әдістемелік кешенін қазақ тілін оқыту барысында қолданасыз ба?

97

 

3


Семинардағы қызықты сәттер туралы фотосуреттер мен қатысушылардың семинар жайлы ой-пікірлері www.kazakhtest.kz сайтындағы Фотогалерея бөлігінде орналастырылған.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ