8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Пресс-релиздерЖаңалықтарБілім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурстың өткізілуі жайлы

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурстың өткізілуі жайлы

Білім беру гранттарын тағайындау ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 23-31 шілде аралығында білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініштер қабылданды.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініш қабылдау 88 жоғары оқу орындарының, ал конкурсқа қатысу үшін өтініш бланкілерін сканерлеу 34 жоғары оқу орындарының базасында өткізілді.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш берушілердің саны –67280, оның ішінде қазақ тілінде оқыту бөліміне –53161 адам, орыс тілінде оқыту бөліміне –14119 адам тапсырды.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның отырысы ағымдағы жылдың 5-8 тамызы аралығында өткізілді.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысы үшін Ұлттық тестілеу орталығымен білім беру гранттарын тағайындау конкурсының жиынтық ведомосі бағыттар, оқыту формасы, мамандықтар, тілдік бөлімдері және басқа да құжаттар бойынша дайындалды.

Ұлттық тестілеу орталығы білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның жұмысын техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етті.

Республикалық конкурстық комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша 28642 адам білім беру гранттарының иегері атанды, оның ішінде қазақ бөліміне -  22935, орыс бөліміне – 5707 адам.

Ағымдағы жылы орташа конкурс бойынша бір орынға 2,36 адамнан келді.

Үлкен конкурс төмендегі мамандықтарда (білім беру грантының 1 орнына 1 адамнан келу қатынасында) болды:

-          5В020500 «Филология: қазақ тілі» - орынға 271,27 адамнан (қазақ бөлімі);

-          5В011600 «География» - орынға 72,83 адамнан (қазақ бөлімі);

-          5В010400 «Алғашқы әскери дайындық» - орынға 42,75 адамнан (қазақ бөлімі);

-          5В010400 «Алғашқы әскери дайындық» - орынға 41,5адамнан (орыс бөлімі);

-          5В011600 «География» - орынға 38,5адамнан (орыс бөлімі);

-          5В020200 «Халықаралық қатынастар» - орынға 30,6 адамнан (орыс бөлімі).

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның жұмысы аяқталысымен білім беру гранты иегерлерінің куәліктерін басылып, білім  беру гранты иегерлерінің тізімі «Егеменді Қазақстан» және «Казахстанская правда» бұқаралық ақпарат құралдарының баспа беттерінде шығарылды.  Сонымен қатар, конкурс нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінді. Нәтижелерді көру үшін тестілеушінің жеке кодын (ТЖК) және талапкердің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ