8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Пресс-релиздерЖаңалықтарҚАЗТЕСТ тапсырмаларының кезекті сараптамасы басталды

ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының кезекті сараптамасы басталды

ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының кезекті сараптамасы басталды

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл статусына иеленгелі жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, республика азаматтарының қазақ тілін меңгеру көрсеткішінің жеткілікті дәрежеде емес екені белгілі. Білім беру жүйесінде бірізділіктің болмауы, яғни мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ тілін оқытудың мазмұнын жүйелейтін стандарттың өз дәрежесінде қолданылмауы бірқатар кедергілер келтіруде.  Жаңа ақпараттық технологиялар ғасырында оқыту әдістемесі бойынша инновациялық  бағытты ұстану, шет тілдерін оқыту әдістемесін қазақ тілін оқыту барысында тиімді пайдалану – мәселенің бір шешімі бола алатыны сөзсіз. Қазіргі қоғам сұранысына сәйкес келетін тілді үйренудің басты тәсілдерінің бірі – деңгейлік оқыту жүйесі. Аталған жүйенің жетістігі ретінде қазақ тілін үйретуге арналған деңгейлік оқу құралдарын атай аламыз.  Осындай шығармашылықпен жазылған оқулықтар мен оқу құралдарының қолданысын арттыру, сондай-ақ тіл үйренушінің қазақ тілін өз бетінше меңгеруіне қолайлы жағдай жасау – жақсы нәтижелерге жетудің сенімді жолы бола алады.

Оқыту мен бағалау қатар жүретіні – заңдылық. Ол заңдылық қазақ тілін үйренушілердің арасында да кеңінен орын алған. Қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ тіл үйренушілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау инструменті ретінде республика көлемінде сәтті пайдаланылып отыр. ҚАЗТЕСТ жүйесінің сәтті қолданылуы – тест этикасы, тест валидтілігін және тест сенімділігі негізге алғандығының жемісі. 

Тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасын өткізу – ол тест сенімділігін арттырудың іс-шараларының бірі. Ал, ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасын өткізу – ол тест тапсырмаларының сенімділігін арттыру алғышарттарының бірі. Осы орайда, 2015 жылдың ІІ жартыжылдығының тест тапсырмаларының кезекті тәуелсіз сараптамасын өткізу - ағымдағы жылдың 19-22 қазан аралығында жоспарланған. Тест тапсырмаларының сарапшысы ретінде ҚАЗТЕСТ жүйесенің жұмыс тобының мүшелері, лингивст ғалымдар, тілді тестілеу семинарларының қатысушылары шақыртылды. Сараптама барысында ҚАЗТЕСТ жүйесінің бөліктері: Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматикалық құрылым бойынша 8000 тест тапсырмалары тәуелсіз сараптамадан откізіледі.        

 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ