8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Пресс-релиздерЖаңалықтар2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау қорытындысы туралы

2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау қорытындысы туралы

2015 жылғы  ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау қорытындысы  туралы

2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға  өтініштерді  қабылдау жұмыстары 25 сәуірде  аяқталды. Қазіргі уақытта тестілеуге қатысуға өтініш берген барлық бітірушілер аудиториялар бойынша бөлінді.

Өтініштерді қабылдау барысында ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген барлық мектепбітірушілерге және ата-аналарға арналған жадынамалармен, сонымен қатар емтихан материалдарымен жұмыс істеу бойынша, апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімі бойынша жадынамалармен қамтамасыз етілді.

Қалыптастырылған «Бітіруші» деректер базасының нәтижесі бойынша, ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға 87782 мектеп бітіруші тілек білдірді, ол мектеп бітірушілердің жалпысанының 71%-н құрайды, оның ішінде 62384 қазақ тілінде, 25398 орыс тілінде.

Төмендегі кестедетестілеу күндері бойынша тестілеуге қатысушылар мен тестілеуді өткізу  пунктерінің саны туралы қысқаша мәліметтер келтірілген:

Тестілеу күнінің реттік нөмірі

Тестілеу күндері

Тестілеуді өткізу пункттерінің саны

Тестілеуге қатысушылар саны

барлығы

қазақша

орысша

1-күн

2 маусым 2015ж.

48

19999

14263

5736

2-күн

3 маусым 2015ж.

59

19325

13527

5798

3-күн

4 маусым 2015ж.

61

19872

13404

6468

4-күн

5 маусым 2015ж.

50

15177

10282

4895

5-күн

6 маусым 2015ж.

22

8213

6573

1640

6-күн

7 маусым 2015ж.

11

3269

2592

677

7 день

8 маусым 2015ж.

3

1927

1743

184

БАРЛЫҒЫ:

87782

62384

25398

 

Ағымдағы жылы алғаш рет ҰБТ-ға 12-жылдық білім беру бағдарламасымен оқытылатын бітірушілер қатысады. Осы санаттағы азаматтарға 12-жылдық білім беру бағдарламасы негізінде тест тапсырмаларының қоры құрылды. Емтихан материалдары бөлек түстегі гаммада (сұрақ-кітапша мұқабасының түсі) әзірленеді.

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдаудың нәтижесі бойынша, 12-жылдық білім беру бағдарламасымен оқытылатын бітірушілерден 341 өтініш қабылданды, оның ішінде 236 қазақ тілінде, 105 орыс тілінде.

Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығында тестілеу өткізу кезінде қолданылатын емтихан материалдарын дайындау, сонымен бірге республика көлемінде ҰБТ өткізу бойынша дайындық шараларыжүзеге асырылуда.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ