8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Пресс-релиздерЖаңалықтар2015 жылғы Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың қорытындылары

2015 жылғы Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың қорытындылары

2015 жылғы Қазақстан Республикасы  орта білім беру ұйымдарындағы  оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың қорытындылары

2015 жылдың 6-23 сәуірі аралығында республика мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай - ОЖСБ) өткізілді. Мектептердегі ОЖСБ оқушылардың негізгі орта білімнен кейін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

9-сыныптардағы ОЖСБ міндетті түрде қазақ тілі мен жыл сайын Білім және ғылым министрлігімен бекітілетін 3 пән бойынша тапсырылады. 2015 жылы ОЖСБ кезінде тапсырылатын пәндер келесі топтағы пәндер қатарынан анықталды: қазақ тілі, математика, физика, биология, химия, география.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 20. 4 пән бойынша тестілеуге 120 минут (2 сағат) уақыт бөлінеді.

Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленді. Әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланды.

ОЖСБ-ның өткізілуін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері бақылады.

ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілермен қатар, компьютерлерді қолдану арқылы өткізіледі.

2015 жылғы орта білімдегі ОЖСБ-ға 1210 мектеп қатысты. Соның ішінде 967 мектеп ОЖСБ-ны сұрақ-кітапшалары мен жауап парақтарын қолдана отырып тапсырса, 244 мектеп компьютерлік технологияны қолдану арқылы тестілеуден өтті. Сонымен, 27655 оқушы бланк өнімдерін (сұрақ-кітапшалары мен жауап парақтары), 16125 оқушы компьютерлік технологияны қолдану арқылы ОЖСБ тапсырды.

Тестілеуге барлығы 43780 оқушы қатысты, оның 30011-і қазақ тілінде, 13769-ы орыс тілінде тапсырды. 2015 жылғы орта білімдегі ОЖСБ-ның жалпы орташа балы – 37,36 (қазақ сыныптарында – 36,80, орыс сыныптарында – 38,58) балды құрады.  

 

Ұлттық тестілеу орталығы




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ