8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Пресс-релиздерЖаңалықтар2015 жылғы 2 – 5 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпарат

2015 жылғы 2 – 5 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпарат

2015 жылғы 2 – 5 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпарат

Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің 4 күні өткізілді. 2 және 5 маусым аралығында тестілеуге 70598 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 49676, орыс тілінде – 20922бітіруші. Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 5 бітіруші жинады:

  • Ердосова Гүлнәз Жандосқызы, «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия», тестілеуді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Тараз қаласы) тапсырған;
  • Мұстафина Риана Еркінқызы, «№59 мектеп-лицей ММ-і», тестілеуді Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Астана қаласы) тапсырған;
  • Абдазимова Лаура, «Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты», тестілеуді Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің базасындағы ҰБТӨП-те (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы) тапсырған;
  • Самат Сымбат Қуанышқызы, «Лингвистикалық "Үміт" гимназиясы», тестілеуді Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Орал қаласы) тапсырған;
  • Яковлева Анастасия Владимировна, «№90 лицей», тестілеуді Алматы технологиялық университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Алматы қаласы) тапсырған.
Төртінші күні тестілеу 50 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. Тестілеудің бірінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 45 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
  • - тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 3 бітіруші;
  • - тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 19 бітіруші;
  • - ұялы байланыс телефондарын пайдаланған – 19 бітіруші;
  • - тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан – 1 бітіруші;
  • - рацияны қолданған – 3 бітіруші.
Келесі кестеде ҰБТ-ның қысқаша нәтижелері тестілеу күндері бойынша келтірілген:

1.jpg





  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ