8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Пресс-релиздерЖаңалықтар

Жаңалықтар

Білім беру гранттарын тағайындау ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 23-31 шілде аралығында білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініштер қабылданды.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініш қабылдау 88 жоғары оқу орындарының, ал конкурсқа қатысу үшін өтініш бланкілерін сканерлеу 34 жоғары оқу орындарының базасында өткізілді.

Бүгін (2015 жыл, 30 наурыз) Ұлттық тестілеу орталығында ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі (типтік) бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы басталды. Екі күнге созылатын жұмыс тобына еліміздегі ең беделді филолог ғалымдар жұмылдырылып отыр. 

Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің 4 күні өткізілді.
2 және 5 маусым аралығында тестілеуге 70598 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 49676, орыс тілінде – 20922бітіруші.
2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға  өтініштерді  қабылдау жұмыстары 25 сәуірде  аяқталды.
Студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық сапасын жоғарылату мақсатында, ағымдағы жылдың 13-17 сәуір аралығында 8 дайындық бағытының 97 мамандығы бойынша 2015-2016 оқу жылының бітіруші курс студенттерінің қатысуымен ОЖСБ байқау тестілеуі өткізілді. 
2015 жылдың 6-23 сәуірі аралығында республика мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай - ОЖСБ) өткізілді. Мектептердегі ОЖСБ оқушылардың негізгі орта білімнен кейін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
21-23 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары, мемлекеттік тілді оқытудың облыстық, қалалық орталықтары оқытушылары мен әдіскерлері үшін біліктілікті арттыру мақсатында үш күндік семинар өткізілді.
ҰБТ шеңберіндегі бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін, тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешу үшін және емтихандарға қатысушылардың құқығын қорғау үшін апелляцияларды қарастыру бойынша Республикалық комиссия, сонымен қатар әрбір қабылдау пунктінде апелляциялық комиссия құрылады. 
2015 жылдың 30 қаңтарында Ұлттық тестілеу орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі арасында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылған.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ