8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Докторантура мен магистратураға түсушiлергеЖоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары (ЖООКБ)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары (ЖООКБ)

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес, магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші азаматтар шет тілінің бірі бойынша (ағылшын, француз, неміс) түсу емтихандарын тапсырады; магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші шетел азаматтары қазақ немесе орыс тілдерібойынша (оқыту тілі) түсу емтихандарын тапсырады.

Шетел, қазақ және орыс тілдері бойынша түсу емтихандары Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша кешенді тестілеу үлгісінде базалық жоо-да тапсырылады.

Шетел, қазақ және орыс тілдерінен түсу емтихандарын жүзеге асыру кезіндегі кешенді тестілеу өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Үміткерлердің түсу емтихандарына дайындалуы үшін Ұлттық тестілеу орталығы шет тілдері пәндерінен оқу-әдістемелік құралдарын шығарады.

Бұдан бөлек, кешенді тест гуманитарлық және жалпы техникалық саладағы шетелдік құзыреттілік азаматтарының түрлі жағдаяттағы (тұрмыстық, мәдени, ғылыми, кәсіби) коммуник ативті тілдік құзіреттілікті қалыптастыру деңгейлерін анықтайды. Тестке А1, А2, В1, В2, С деңгейлерінің тест материалдары енген.

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1-2 минут.

Бір тест нұсқасындағы тапсырмалар саны – 100.

Барлық тест тапсырмаларының орындалу уақыты – 140 минут.

Тест үш бөлімнен тұрады:

I Бөлім – Тыңдалым

Тілдік және мән-мәтіндік (контекстуалдық) дағдыларға негізделген ел танымдық және кәсіби саладағы тілдік материалдарға сүйене отырып, мәтінді ауқымды және жалпы түсіну, кейбір бөліктерін түсіну, мәтін тақырыбын, идеясын анықтай алу деңгейлері тексеріледі.

Бұл бөлімде тыңдауға 4 мәтін және әр мәтінге 8 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға ұсынылған материал 1 минуттық үзілісті сақтай отырып, 2 қайтара жазылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

Тыңдалым тапсырмаларын орындау уақыты – 45 минут.

II Бөлім – Лексика грамматикалық тест

Бұл бөлімде 32 тест тапсырмасы беріледі. Бөлімдегі ұсынылынған тест тапсырмалары тілдік норма бойынша (лексика грамматикалық) білім деңгейлерін анықтауға, лингвистикалық түсініктерді (фонетикалық, лексикологиялық, грамматикалық) меңгеруге, тілдік құбылыстарды талдауда түрлі әрекеттерді игеруге мүмкіндік береді.

Лексика-грамматикалық тапсырмалардың орындалу уақыты – 35 минут.

III Бөлім – Оқылым

Оқылымға арналған тест тапсырмаларының мақсаты: берілген ақпараттар көлемінен өзіне қажеттісін табу, аутентикалық (түпнұсқалық) сипаттағы түрлі жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсіну, соның ішінде публицистикалық мақалаларды, олардың логикалық сәйкестілігін пайымдай алу.

Бұл бөлімде оқуға 3 мәтін және әр мәтінге 12 тест тапсырмасы берілген. Әр мәтінді оқып болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

Оқылым тест тапсырмаларын орындау уақыты – 60 минут.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ