8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Мектеп түлектері мен талапкерлергеТКТ қорытындысы бойынша ақпарат

ТКТ қорытындысы бойынша ақпарат

Талапкерлерді кешенді тестілеу шілде айының 17 мен 23 аралығында 36 жоғары оқу орнының базасында өткізілді.

Сонымен қатар, өнерге қатысты үш ұлттық жоғары оқу орындарында өтініштер қабылданып, талапкерлерге кешенді тестілеу өткізілді.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеуге 84203 талапкер қатысты (соның ішінде 1098 талапкер әскери және өнерге қатысты ЖОО-да), оның ішінде: қазақ тілінде – 57089 (67,80%) және орыс тілінде - 27114 (32,20%) талапкер. Кешенді тестілеуге қатысқан 84203 талапкердің 16021-і мектепті бұрын бітірген бітірушілер, 21270-і техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарын (ТжКБ) 11-сынып базасында бітіргендер және 46912 талапкер техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарын 9-сынып базасы негізінде бітірген талапкерлер.

Кешенді тестілеуге талапкерлер ең көп қатысқан базалық жоғары оқу орындары:

·      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 5960;

·      Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – 4394;

·      Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – 4365;

·      М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 4138;

·      Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – 4194.

Кешенді тестілеуге қатысушылардың 56016 (66,52%) 50-ден төмен балл жинаған (шығармашылық мамандықтарға тапсырған және ТКТ-ға екі пән бойынша қатысқан талапкерлерді қоса есептегенде), немесе 55095 (65,43%) талапкер (шығармашылық мамандықтарға тапсырған және ТКТ-ға екі пән бойынша қатысқан талапкерлерді есепке алмағанда) 50-ден төмен балл жинады.

50-ден 59 балға дейін жинаған 8612 талапкер (10,23%). 60-тан 70 балды 7083 (8,41%) талапкер жинады. 71-ден 90 балға дейін жинаған 10203 (12,12%) талапкер. 90 балдан жоғары жинаған - 2289 талапкер, ол тестілеуге қатысушылардың жалпы санының 2,72%-ы. 9 талапкер тестілеу нәтижесі бойынша 100 балл жинап жоғары нәтиже көрсетті.

ТКТ-ның республика бойынша орташа балы – 44,9 балды құрады.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ