8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Мектеп түлектері мен талапкерлергеБілім беру гранттарын беру бойынша конкурс

Білім беру гранттарын беру бойынша конкурс

Білім гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім грантын беру туралы куәлікті берумен қоса бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23 – 31 шілде кезеңінде қабылданады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін балдардың ең төменгі деңгейі - 50 балл,  ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін  - 70 балл, «Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Ветеринария» бағыттарының мамандықтары тобына 60 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша - 65 балл, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан, ал қалған пәндерден 4 балдан кем болмауы керек.

Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш беру кезінде таңдау бойынша пәні сәйкес келген жағдайда төрт мамандық (шығармашылық мамандықтардан басқасы) пен төрт ЖОО-ны көрсетуге мүмкіндік беріледі.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде:

1) «Алтын белгi» белгісімен марапатталғандар;

2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдар;

3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми  жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы. Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, басым құқығы бар.

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Білім гранты иегерлерінің тiзiмдерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Нормативтік сілтемелер:

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығы;

Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ