8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Мектеп түлектері мен талапкерлергеБілім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

Білім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

Тамыз айының 4-6 аралығында ҰБТ және ТКТ нәтижесі бойынша білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Білім беру гранттары ең алдымен, басым құқық иегерлеріне тағайындалды. Содан кейін реті бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылды.

Содан кейін 30%-дық ауыл квотасына үміткер талапкерлердің өтініштері қарастырылды.

Қазақстан Республикасының азаматы емес ұлты қазақ талапкерлерге 2%; ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға 1% және 1% І және ІІ топ мүгедектеріне, бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға; 0,5% Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін квота қарастырылған. Көрсетілген орындарға іріктеу, талапкерлер категорияларына бойынша сертификаттарындағы балдарына сәйкес, квоталық гранттардың арнайы мамандықтарына бөлінген мөлшеріне сай алынады.

Жалпы білім беру грантын тағайындау конкурсына 69625 өтініш берілген, оның ішінде: 52198 - қазақ тілінде, 17427 - орыс тілінде.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 28790 өтініш білдірген ауыл жастары арасынан жалпы конкурс бойынша 6096 адам және 30% квота бойынша 5260 адам грант алды;

1194 өтініш берген ұлты қазақ, Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын тұлғалардан жалпы конкурс бойынша 167 талапкер және 2% квота бойынша 555 адам грант алды;

355 өтінішті І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер және мүгедек-балалар берген, олардан жалпы конкурс бойынша 100 талапкер және 0,5% квота бойынша 235 адам  грант алды;

5 өтініш соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардан түскен, олардың барлығы 0,5% квота бойынша грант алды;

426 өтініш білдірген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, жалпы конкурс бойынша 104 талапкер және 1% квота бойынша 251 адам  грант алды.

820 мектептің бітірушілері (бітірушілерінің саны >5)  бірде-бір грант иегері бола алмады.

Білім гранты иегерлерінің тізімі оқыту түрі, тілдік бөлінісі мен мамандықтар бойынша «Егемен Қазақстан» және  «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды.

Республикалық конкурс қорытындысы бойынша оқу орындары арасында  ең көп грант иегерлері болған облыстар:

  • Оңтүстік Қазақстан облысы - 7067;
  • Алматы қаласы – 3146;
  • Алматы облысы - 2635;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2349;
  • Жамбыл облысы – 1771.

Білім гранты иегерлері ең аз облыстар:

  • Маңғыстау облысы – 449;
  • Атырау облысы – 561;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 588.

Ең көп білім беру гранттарына ие болған базалық ЖОО-лар:

  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 3097;
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 2748;
  • Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - 2413;
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 1799;
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – 1264.

Конкурсқа қатысқан 69625 талапкердің ішінен 29862-і білім беру грантының иегері болды. 11356 немесе 38,03% білім беру гранты ауыл мектептерін бітірушілердің үлесіне тиді.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ