8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Бiз туралыБасшылар туралы

Басшылар туралы

Әбдиев Қали Сейілбекұлы

1956 жылы 16 желтоқсанда туылған. Қазақ.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, доцент.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1979 жылы еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Қолданбалы анализ кафедрасының ассистенті болып бастады.

1981 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына ауысты. 1997-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде басқарма бастығы, «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директоры, Агенттік төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды.

2007-2010 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ департамент директоры, атқарушы директор және компания президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

2010 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды.


 

 

Ынтымаков ТЖ.jpg

Ынтымақов Тұрақты Жұмаділдәұлы

1955 жылы 26 шілдеде туылған. Қазақ.

Техника ғылымдарының кандидаты.

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық университетін тәмамдаған.

1979 жылы еңбек жолын Қазақ политехникалық университетінің инженері болып бастады. Кейіннен оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра доцентінің міндетін атқарушы лауазымындарында қызмет жасады.

1998 жылы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі лауазымына ауысты. Осы мекемеде директордың орынбасары, басқарма жетекшісі болып қызмет атқарды.

2009 жылы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

2007 жылғы 12 наурызда ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.


 


Жаксыбеков Дархан Сейдуллаевич

1971 жылы 4 наурызда туылған. Қазақ.

Тарих ғылымдарының кандидаты.

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің тарих факультетін бітіріп шықты.

2006 жылы әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің аспирантурасын бітірген

2009 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР БҒМ «Республикалық тестілеу орталығы» РМҚК ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекші маманы болып бастаған.

2001-2002 жылдары ҚР БҒМ «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» РМҚК Тест сынақтары технологиясы ғылыми-әдістемелік зертханасының бас маманы болып қызмет атқарды.

2002-2007 жылдары ҚР БҒМ «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» РМҚК Тест сынақтары технологиясы ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі лауазымына ауысты.

2007-2014 жылдар аралығында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК басқарма жетекшісі қызметін атқарды.

2014 жылғы 2 шілдеден ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.

Марапаттары:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2011 жыл)
  • ҚР БҒМ «Ы.АЛТЫНСАРИН» төс белгісі (2009 жыл)
  • ҚР БҒМ Құрмет грамотасы (2006 жыл).

 

 

Кесикбаев А.А.

Кесикбаев Алмат Амангелдіұлы

1972 жылы 4 қазанда туылған. Қазақ.

Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995 және 2011 жылдар аралығында 61329 әскери бөлімінде қызмет атқарды.

2011 жылғы наурызда ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.











cda06b03a66d0b37ca99a868615c69e9.jpg  Меншік  Болат  Шонтыұлы

  Родился  27 августа  1981 года, казах.

  Окончил Казахский гуманитарный юридический   университет.

  Трудовую деятельность начинал в 2002 году юристом,   соучредителем ТОО «Альянс и Компания».

  С декабря 2003 года по июль 2007 года работал в РГКП   «Национальный институт интеллектуальной 

собственности» Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан в должностях: эксперт юридической службы, старший эксперт юридической службы, ведущий специалист юридической службы, главный  эксперт-советник директора.

            С июня 2007 года по март 2008 года работал в АО «Национальный научно-технологический холдинг «Самғау»: менеджер юридического департамента, старший менеджер юридического департамента, главный юрист юридического департамента.

            С марта 2008 года по апрель 2010 года – Заместитель Председателя Правления АО «Фонд науки».

            Cмарта в 2009 году  по ноябрь 2013 года на должности  председателя  Совета Управляющих Инновационный консорциум «EnergyInnovationsgroup».

            С апреля 2010 года по февраль 2011 года – Управляющий директор, член правления АО «Центр инжиниринга и трансферта технологий».

            С октября 2011 года по декабрь 2015 года являлся директором ТОО «Space management».

            Участвовал в разработке и реализации Государственной программы формированного индустриально-инновационного развития, активно принимал участие в развитии инновационной системы страны.

            Приказом Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан с 1 февраля 2016 года назначен на должность заместителя директора РГКП «Национальный центр тестирования» МОН РК.

 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ